header
Қарағанды облысында мұғалімдерге арналған жаңа жоба қалай іске асып жатыр

Қарағанды облысында мұғалімдерге арналған жаңа жоба қалай іске асып жатыр

2021 жылдың шілдесінде Ustaz-Ulytau жобасы іске қосылды. Оқытушылар үшін мұндай бастамалар қандай рөл атқарады және оқу процесіне қалай әсер ететіні жайында Жезқазған қаласының №26 мектеп-гимназиясындағы бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Добровольскис өз ойымен бөлісті.
Татьяна ханым ұстаз мамандығына 30 жылдай уақыт арнаған. Бай тәжірибесіне қарамастан ол Ustaz-Ulytau жобасына қатысып, өзіме жаңа білім аламын деп шешім қабылдаған.


«Жоба туралы естігенімде бірден қатысқым келді. Өңірлік мектептерге осындай көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Оның үстіне мұғалімдерге арналған барлық курс тегін. Жобадағы тренерлер мен дәріскерлер қатарында жаңаша ойлайтын жас мұғалімдер алынғаны ұнады. Оқыту процесіне жаңаша көзқарас жайында мол ақпарат алу қызықтырды», – деді Татьяна.
Жоба шеңберінде Татьяна Добровольскис «Мектептегі инклюзив білім беру», «Ата-ана – білім берудің серіктестері» және «Білім беру жобасындағы ақпараттық технологиялар» атты үш курсты оқып шықты. Мұғалімнің айтуынша, олардың барлығы жаңа жағдайдағы білім беру саласына қойылатын талаптарға жауап береді.