Ғылым мен тәжірибе, бизнес және мемлекет өкілдерін біріктіруге арналған бірегей платформа
Сапалы білім беруді ел дамуының стратегиялық векторы ретінде негізге ала отырып, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін жетілдіруге ықпал ету маңызды
«The Ulytau Educational Foundation» Қоғамдық Қайырымдылық қорының миссиясы – Қазақстанның бірегей мәдениетіне сүйене отырып, дәстүрлер мен тәжірибелерді біріктіру арқылы жас қазақстандықтарды жылдам өзгеріп жатқан жаһандық нақты ахуалда табысқа жетуге дайындау мақсатында білім берудің барлық аспектілерін өзгерту
Қор тұрақты дамудың орталық құрамдас бөлігі ретінде білім берудің әртүрлі деңгейлеріне назар аударады. Қор күрделі мәселелердің инновациялық шешімдерін ұсына отырып, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына қолдау көрсетеді.
2025 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қордың жұмысын жоғары бағалап, Қордың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты М.М. Ханды тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолындағы елеулі жетістіктері мен оның өркендеуіне қосқан айтарлықтай үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады. Сол айда Қор ұжымы «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының Алғыс хатымен марапатталған еді.
Біздің серіктестер