header
Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитациядан өтті

Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитациядан өтті

2023 жылдың 25 желтоқсанында Жезқазған қаласының №3 орта мектебі ARQA тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің шешімімен бес жыл мерзімге толық аккредитациядан өтті. Бұл халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген мектеп мәртебесін алған Қазақстандағы екінші мемлекеттік мектеп.

Аккредитация алу үшін үлкен жұмыстар атқарылды. Біріншіден, алдын ала аккредитациялау шаралары аясында №3 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді, кейбір сыныптар мен мектептің басқа аумақтарында жиһаздар жаңартылды, жоғары жылдамдықты интернет орнатылды. Сондай-ақ мобильділігі төмен топтарға арналған лифт орнатылып, нашар көретін оқушыларға тактильді плиткалар төселді. Сонымен қатар, мектеп стадионы күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС көмек көрсетті.

Екіншіден, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде No3 мектеп, «The ULYTAU Educational Foundation» қоғамдық қоры және «ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау тәуелсіз агенттігі арасында орта білім беру стандарттары бойынша институционалдық аккредиттеуді жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы үш жақты келісімге қол қойылды.

Аккредиттеу саласының сарапшысы, қор атынан қатысқан Айгүл Баекешева және No3 мектеп ұжымы стандарттармен талап етілетін сапаны қамтамасыз ету, мектеп құжаттамалары мен мектеп кадрларын даярлаудың ішкі процестерін сапалы деңгейге жеткізу үшін орасан зор және тынымсыз жұмыс атқарды.

«The ULYTAU Educational Foundation» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Ustaz Ulytau» ПТО жобасының негізгі міндеті «Қазақмыс» корпорациясының аумағында мектептегі білім беруді сапалы өзгерту болып табылады», — дейді қор директоры Марина Хан. «Ал аккредиттеу механизмі бұл өзгерістерді анық көрсетеді».

Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитациядан өтті