Жазқазған қаласының оқытушылары мен оқушылары ағылшын тілін меңгерудегі жетістіктері арқасында Ұлыбританияға барады.
Семинар барысында 10 оқушы және ағылшын тілінің 4 мұғалімін марапттау рәсімі өтті. Олар шет тілін үйренуді жетілдіру мақсатында Ұлыбританияға жолдама алды.
Семинарға сонымен қатар Сәтбаев, Балқаш және Ұлытау ауданының мұғалімдері қатысты. Халықаралық стандарттарға сәйкес ағылшын тілін оқыту – Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығының 12 бағытының бірі.
Бағдарлама шетел мамандарын, ағылшын тілді елдерден – Канада және Ұлыбританиядан оқытушыларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Төрт педагог Ұлыбританияға мамырда барады. Ал оқушылардың оқу сапары маусымға жоспарланған.
Мұндай бастамалар өңір дамуына айтарлықтай үлес қосатындықтан Ustaz Ulytau ПТО оларды міндетті түрде өткізетін болады.