Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бағдарлама
Модуль «IELTS preparation» (120 ак.с.)
Курстың мақсаты: ағылшын тілін меңгерудің халықаралық стандартты деңгейін қалыптастыру, мұғалімдерді халықаралық сертификаттауға дайындау (С1, CEFR деңгейі), коммуникативтік құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру.
Курс: Жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған.
Лектор: В. Аренова-Вестрен, Канада
Модуль «Ағылшын тілін оқытудағы халықаралық стандарт» (20ак.с.)
Курстың мақсаты: мұғалімдерді «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі: оқыту, бағалау» халықаралық стандартының негізгі ережелерімен таныстыру, халықаралық стандарт шеңберінде ағылшын тілін оқыту саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру (деңгейлік оқыту негіздері, коммуникативтік біліктер, А1, А2, В1 деңгейлерінде коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуын бақылау, сабақты жоспарлау және талдау), жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін оқыту процесіне халықаралық стандартты енгізу.
Курс: Жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған.
Лектор: педагогика ғылымдарының кандидаты Т.В. Аренова