header
Конкурс научных проектов «Научное открытие, улучшающее экологию родного края»

“Туған жерімнің экологиясын жақсартатын ғылыми жаңалық атты” ғылыми жобалар байқауы

“Ustaz Ulytau” жобасы аясында “The Ulytau Educational Foundation” қайырымдылық қоры ұйымдастырған “Туған жерімнің экологиясын жақсартатын ғылыми жаңалық атты” ғылыми жобалар байқауын аяқтады.

Бүгін біз мақсаттар мен міндеттер толығымен орындалды деп айта аламыз!

👇🏻 Біздің байқау 3 кезеңнен тұрды:

▫️1 кезеңде қатысу үшін 32 мектептен тұратын топ тіркелді, оқушылар ағылшын тілінің деңгейін тексерді.

23-28 қыркүйек аралығында өткен тестілеуге жалпы саны 287 оқушы қатысты, соның ішінде 110 бала Жезказған қаласынан, 75 бала Сәтбаев қаласынан, 55 оқушы Балхаш қаласынан және 47 оқушы Ұлытау ауданынан.

▫️2 кезеңге 24 топ өтті, қараша айынан ақпан айының 28-не дейін оқушылар ғылыми жобалары бойынша зерттеу жумыстарын атқарды.

▫️Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік 11 ғылыми жоба финалға жіберілді.

Біздің байқауымыздың бірегейлігі-ғылыми жоба үш тілде орындалды, финалға өткен командалар қазылар алқасының алдында өздерінің ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қорғады.

🥉3 орын — №8 гимназия, Жезқазған қ., бағалы сыйлық-Дрон;
🥈2 орын — №17 мектеп-лицей, Балқаш қ., команданың Астанаға халықаралық канадалық Мектепке “Canada House” базасында білім беру және ойын-сауық бағдарламасы бойынша бір аптаға сапары;
🥇1 орын — Абай атындағы №4 мектеп-лицей, Сәтбаев қ., команданың Англияға екі аптаға оқу мен саяхатқа сапары.

Құттықтаймыз!