header
Визит директора республиканского научно-практического центра "Дарын"

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының сапары

Осы аптада қорымызда «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Қ.Тұрсыновты қуанышпен қарсы алдық.

Ол Қ.Сәтбаев атындағы республикалық Олимпиаданы сәтті өткізгені үшін «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының директоры Марина Ханға орталықтың 25 жылдығына арналған Алғыс хат пен мерейтойлық медальдарды табыс етті. Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Раиса Ешімова да медальға ие болды.

Біздің ұжым осы мойындауды мақтан тұтады және білім саласын дамытуға көрсеткен сеніміңіз бен қолдауыңыз үшін алғыс айтады!

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының сапары