header
Церемония награждения «The Ulytau Educational Foundation Award Ceremony II»

«The Ulytau Educational Foundation Award Ceremony II» марапаттау рәсімі

2023 жылғы 12 сәуірде «Қазақмыс» корпорациясында, Жезқазған қаласында «The Ulytau Educational Foundation Award Ceremony II» марапаттау рәсімі өтті. Осы марапаттау рәсімінде 2022-2023 оқу жылындағы «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры» ҚҚ «USTAZ ULYTAU» педагогикалық трансформация орталығының жобасы аясында ұйымдастырылған конкурстар мен басқа да іс-шаралардың қорытындысы шығарылды.

4 санат бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды:
«Жыл талпынысы» оқушыларды түрік және қытай тілдері курстарын сәтті аяқтағаны үшін құрмет грамоталарымен марапаттау. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар алды.

«Жас полиглоттар» 18 жеңімпаз дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды және ағылшын тілін білу байқауының 10 жеңімпазы Ұлыбританияға екі апталық білім сапарымен марапатталды.

«Жас зерттеушілер» «Scientific discovery that can improve the ecology of my native place» ғылыми жобалар командалық байқауының жеңімпаздары марапатталды: 1-ші орын алған топ мүшелері екі апталық оқу бағдарламасына қатысуға және Ұлыбританияға саяхатқа жолдама алды. 2-ші орын үшін команда Астана қаласындағы Канадалық Халықаралық мектепке бір апталық білім жолдамасын алды.

«Жыл серпілісі» пән мұғалімдеріне арналған «CLIL master» байқауының жеңімпаздары шетелде 1 апталық демалыс алды.