header
В Нур-Султане открыл двери Canada House

Нұр-Сұлтан қаласында Canada House ашылды


Қазақстан Республикасы және Канада ынтымақтастығының 30 жылдығы құрметіне орай 10 сәуірде Нұр-Сұлтанда Canada House – әлеуметтік-мәдени жобаның ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба жоғары оқу орындарында қазақстандық түлектерді оқытуды жалғастыратын ел ретінде Канаданы ілгерілетуге бағытталған.
Жобаның бастамашысы – The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қайырымдылық қоры. Ашылу салтанатына Канаданың Қазақстандағы елшісі, мәртебелі Алан Хамсон қатысты. Canada House екі ел арасындағы серіктестік пен достықтың нышанына айналады.

Бүгінде жоба Canadian International School Nur Sultan мектебі үшін үйге айналды. Canadian International School Nur Sultan мектебі қос диплом (аттестат және Dogwood Diploma (BC) ұсынатын Қазақстан және Орта Азиядағы алғашқы мектеп. 2022 жылдың қыркүйегінде канадалық оқытушылар қазақстандық әріптестерімен бірге қор ұсынған 100%-дық стипендиялық оқуға байқау жеңімпаздары болған алғашқы 50 студентті қабылдайды.