ULYTAU — Қазақстан тарихын оқытуға арналған инновациялық үстел ойыны. Бұл авторлық жобаны Canadian International School Astana оқу бөлімінің меңгерушісі, тарих пәнінің мұғалімі Раушан Қанатқызы Әкімбекова әзірленген.
Ойынның мақсаты — қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын, ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін ел тағдырын айқындаған маңызды тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы ұлттық сана мен тарихи мұраға деген құрметті қалыптастыру.
ULYTAU ойыны мектеп оқушылары арасында өзін тиімді білім беру құралы ретінде дәлелдеді. Ойын форматы тарихи деректерді жеңіл әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді, ал орта буын оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындықта пайдалы. Қазіргі таңда ойында Қазақстан тарихы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленген 120 сұрақ бар. Жоба «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры" қоғамдық қорының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.