Атырауда «AI ORTA. Synergy of Industry and Educational» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — APEC PetroTechnic жоғары колледжі. Серіктестері: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры, «Talap» КЕАҚ.
Конференцияның ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамуратов, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Татибеков, SAIT Polytechnic Канадалық технологиялық институтының өкілі Monica Bennett, KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту департаментінің атқарушы директоры Ляззат Ахмурзина, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гульзада Шакуликова, сондай-ақ «Beijing NewLand Era Hitech» компаниясының Орталық Азия бойынша бизнес директоры Wang Guangzheng қатысты.
Пленарлық отырысты «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ жобаларды басқару департаментінің директоры Раиса Ешимова ашып, «Қазақстанда халықаралық білім беру тәжірибесін енгізу: корпоративтік және канадалық модельдердің интеграциясы» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылар бұл баяндаманы үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Пленарлық отырыста Атырау филиалы «Өрлеу» кәсіби даму институтының директоры Маржан Галимжанова сөз сөйлеп, білім берудің интеллектуалдық жүйесін жетілдірудегі жасанды интеллекттің мүмкіндіктері туралы айтты.
Білім беру саласындағы жасанды интеллектке арналған секцияда Canadian International School директорының орынбасары Justin Bridges «Заманауи кәсіби бағдар жүйесінің негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Ustaz Ulytau» жобасының «Ағылшын тілі» бағытының жетекшісі Тамара Аренова «Жоғары білікті мамандарды даярлау тәсілі ретінде қос дипломды білім беру» тақырыбында сөз сөйледі.
Конференция барысында ашық диалог пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін іскерлік әрі достық атмосфера қалыптасты. Қатысушылар спикерлердің баяндамаларына үлкен қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысып, сұрақтар қойды.