II өңірлік «Ulytau» зияткерлік үстел ойыны турнирі
2026-03-03 11:34
Бүгін мектеп оқушылары тарихтан білімдерін сынап, стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, ұлттық мұраға тереңірек үңілу үшін бас қосты. Турнир қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтуде.
«Ulytau» үстел ойынының авторы — Раушан Қанатқызы Акимбекова, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, сондай-ақ Canadian International School Astana мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. Оның кәсіби тәжірибесі мен заманауи білім беру әдістемелерін енгізуі академиялық білімді ойын технологияларымен ұштастырып, тарихты оқытуды мазмұнды әрі терең етеді.
Турнирдің негізгі мақсаты — қазақ халқының сан ғасырлық тарихын насихаттау арқылы ұлттық сана мен тарихи мұраға деген құрметті қалыптастыру.
Бұл — жай ғана зияткерлік сайыс емес, бұл — сапалы білімді дамытуға және ойлай білетін ұрпақты тәрбиелеуге қосылған маңызды үлес.
Шабытқа толы атмосфера, қатысушылардың толқынысы және нағыз зияткерлік тартыс – өткен турнир осындай әсермен есте қалды!
Байқаудың алғашқы екі турында қатысушылар сұрақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді. Жартылай финал мен финалда сұрақтар ағылшын тілінде ұсынылып, қатысушылар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде жауап беру мүмкіндігіне ие болды. Мұндай формат оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша терең білімдерін ғана емес, жоғары деңгейдегі тілдік дайындықтарын да көрсетуге мүмкіндік берді.
Жеңімпазға «Ulytau» үстел ойыны сыйға тартылды, ал жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гран-при – Досымбекова Даяна, Балқаш қаласы №12 мектеп
І орын — Калиев Султан, Абай атындағы мектеп-лицей №2
ІІ орын — Бименбет Аделя, Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей
ІІІ орын — Елубаева Ариана, Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей, Збираник Дарья, Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей, Бақытқадыр Аружан, №15 мектеп-лицей
Турнир ұйымдастырушылары: The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қоры, Canadian International School Astana, Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей.