Стратегиялық сессия: коммуникация, жауапкершілік және көшбасшылық ойлау
2025-10-25 14:31
Қатысушылар тиімді коммуникация, жауапкершілік мәдениеті және шешім қабылдау барысында көшбасшылық ойлау тақырыптарына терең үңілді.
Жеке және командалық тиімділік жөніндегі сарапшы, жаттықтырушы Сезим Шорина белсенді тыңдау, күрделі әңгімелер жүргізу және командада сенім атмосферасын қалыптастыруға арналған интерактивті жаттығулар мен рөлдік тапсырмалар өткізді.
Жеке және командалық жауапкершілік тақырыптары ерекше назарда болды — қатысушылар қателіктерді мойындап, оларды қорқыныш емес, дамудың құралына айналдырудың маңыздылығын атап өтті.
“The Ulytau Educational Foundation” қорының жобаларды басқару департаментінің басшысы Раиса Ешимова Советовна атап өтті: «Жауапкершілік мәдениеті көшбасшыдан басталады. Көшбасшы диалогқа ашық болып, өз қателігін мойындай алғанда, ол команда да сенім мен бірліктің негізін қалайды».
DISC модельдері мен ұрпақтар теориясы арқылы қатысушылар әртүрлі коммуникация және мінез-құлық стильдерін талдап, қызметкерлердің күшті қырларын анықтау мен өзара әрекеттесудің тиімді стратегияларын таңдауды үйренді.
Сезим Шоринаның айтуынша, «Нағыз көшбасшы – тек шабыт беретін емес, сонымен қатар тыңдай алатын, саналы түрде шешім қабылдап, оның нәтижесіне жауап бере алатын адам».
Түстен кейін бағдарлама сарапшылардың мазмұнды баяндамаларымен жалғасты.
Руслан Қаратабанов Әділханұлы білім беру сапасын басқарудың заманауи тәсілдері туралы, Азамат Ешмұхаметов білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері жөнінде, ал Мирамкул Илиясова мектептерді аккредиттеудің практикалық қырлары туралы баяндады.
Сессияның қорытынды бөлімінде «The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының директоры Марина Хан қатысушыларға сертификаттар табыс етіп, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді: «Бұл сессия білім беруді дамыту көшбасшыларды дамытудан басталатынын көрсетті. Біз тек жүйе ғана емес, үйренуге, өзгеруге және өзгені жетелеуге дайын кәсіби қауымдастық қалыптастырып жатырмыз».
Стратегиялық сессия басшыларды, сарапшылар мен жаттықтырушыларды біріктіріп, кәсіби өсу мен идеялар алмасуға арналған орта құрды. Екі күндік нәтижелі жұмыс The Ulytau Educational Foundation қоры мен орталығы жақын уақытта жүзеге асыруды жоспарлап отырған жаңа бірлескен жобалар мен бағдарламалардың бастауы болды.