II қалалық "Ulytau" зияткерлік үстел ойыны турнирі өткізілді
2025-12-19 14:14
Іс-шараны ұйымдастырғандар: Canadian International School Astana, «The Ulytau Educational Foundation», Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Турнирге Астана қаласының 38 мектебінен 9-сынып оқушылары қатысты. Ойын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
«Ulytau» үстел ойынының авторы — Раушан Қанатовна Акимбекова, тарих пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог, Canadian International School Astana. Турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп, астаналық жоғары сынып оқушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар мультимедиялық «Ұлытау — аңыздар елі» курсын танысу мүмкіндігіне ие болды, онда Қазақстан тарихына арналған 6 фильм бар, олар мамандар мен зерттеушілердің қатысуымен дайындалған. Курс фильмдері The Ulytau Educational Foundation қорының YouTube-арнасында (@uefkz) «Интеллектуальная настольная игра “Ulytau”» плейлистінде қолжетімді.