Қор жаңалықтары

II қалалық "Ulytau" зияткерлік үстел ойыны турнирі өткізілді

Іс-шараны ұйымдастырғандар: Canadian International School Astana, «The Ulytau Educational Foundation», Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Турнирге Астана қаласының 38 мектебінен 9-сынып оқушылары қатысты. Ойын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

«Ulytau» үстел ойынының авторы — Раушан Қанатовна Акимбекова, тарих пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог, Canadian International School Astana. Турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп, астаналық жоғары сынып оқушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар мультимедиялық «Ұлытау — аңыздар елі» курсын танысу мүмкіндігіне ие болды, онда Қазақстан тарихына арналған 6 фильм бар, олар мамандар мен зерттеушілердің қатысуымен дайындалған. Курс фильмдері The Ulytau Educational Foundation қорының YouTube-арнасында (@uefkz) «Интеллектуальная настольная игра “Ulytau”» плейлистінде қолжетімді.

https://www.youtube.com/watch?v=g8P9t_YdDqE&list=PL3uaIS0cCkYSVvIv64yd7tbwlxIW3mYrr

Турнир қорытындысы бойынша Гран-при жеңімпазы — Әділбек Салтанат (мектеп-гимназия №87), оған кубок салтанатты түрде табыс етілді.

I орын. Әлібек Айдар — Орта мектеп №45

II орын. Текетесов Айсултан — Мектеп-лицей №79

III орын. Өмірбек Марұлан — Мектеп-гимназия №63, Алдабас Амира — Neotech Digital School, Әсел Аханет — Qazbilim Astana Ұлттық лицейі.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және болашақтағы табыстар тілейміз!