Жаумбай Амантұрлыұлы Қараевты 70 жылдық мерейтойымен және «Еңбек ардагері» құрметті атағымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым, «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ж.А. Қараевтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті.
Конференцияға модератор Бисенғалиев Ғани Бектайұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы, қоғам қайраткері Миразова Аягүл Төреевна, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Урисбаев Аббат Жангирханович, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, педагогикалық және ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Ж.А. Қараев «Мектептердегі білім сапасын арттыру шарты ретінде технологиялық тәсіл негізінде білім беру үдерісін трансформациялау» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция қатысушылары Жаумбай Амантұрлыұлының ғылымға адал қызмет етуі, мақсатқа жетудегі табандылығы және өз ісіне деген шынайы жанашырлығы көпшілікке үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар Ж.А. Қараев енгізген инновациялық білім беру технологияларының арқасында білім беру жүйесінде маңызды өзгерістер жүзеге асып келе жатқаны айтылды.
Бұл ретте Ұлытау облысының «Ustaz Ulytau» ЦПТ жобасының педагогтері, Тараз қаласындағы №64 орта мектеп делегациясы және Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Алишева Шынаргүл Амангелдіқызы өз пікірлерін білдіріп, ғалымның білім беру саласына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Біздің Қор үшін Ж.А. Қараевтың Қамқоршылық кеңес құрамындағы қызметі ерекше маңызды. Жаумбай Амантұрлыұлына Қор бастамаларына білдірген сенімі, сарапшылық қолдауы, бірлескен жобаларды дамытуға қосқан үлесі және білім беру инновацияларын енгізу жолындағы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Stuart McIlmoyle және CIS Astana директоры Дмитрий Зебров Ж.А. Қараевтың еңбегін жоғары бағалап, оны халықаралық ғылыми қауымдастық атынан құттықтады.
Мерейтой иесінің атына Алматы қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі және Астана қаласының Оқу-әдістемелік орталығы атынан құттықтау хаттары жолданды.
Конференция соңында Қ.Б. Жұмашев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі атынан Жаумбай Амантұрлыұлына «Еңбек ардагері» атағына арналған медаль мен куәлікті табыстады.
Жаумбай Амантұрлыұлы Қараевты мерейлі 70 жасымен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, шығармашылық табыс, білім мен ғылым жолындағы еңбегіне жаңа жетістіктер тілейміз!