CLIL Methodics in Practice байқауы аяқталды!
Байқау қорытындысы бойынша 14 жүлдегер мен 3 жеңімпаз анықталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл — жоғары кәсібилік, әдістемелік тереңдік және CLIL тәсілін тәжірибеде тиімді қолдана білуді көрсеткен педагогтер.
Жақын арада:
Барлық байқау жұмыстары YouTube-арнамызда жарияланады — әріптестердің үздік тәжірибесімен танысып, шабыт алуға мүмкіндік болады.
Әлеуметтік желілерде жүлдегерлерімізді кезең-кезеңімен таныстырып, әр қатысушы туралы ақпарат жариялаймыз.
Байқау ұйымдастырушысы — The Ulytau Educational Foundation, «Ғылыми жобалар мен байқаулар» бағыты.
Жеңімпаздардың академиялық жыл бойы өтетін оқыту курсымыздың қатысушылары екені ерекше қуантады. Жүйелі дайындық, CLIL әдістемесін терең түсіну және тәжірибеге бағытталған оқу форматы мұғалімдерге тек білім ғана емес, кәсіби дамуға арналған нақты құралдар береді.
Курсқа қатысу арқылы педагогтер:
— әдістемелік дағдыларын жетілдіреді
— сараптамалық кері байланыс алады
— өз әзірлемелерін жоғары деңгейде рәсімдеп, ұсынуды үйренеді
— кәсіби байқауларға қатысуға сенімділік қалыптастырады
Ал нәтиже көрсеткендей — табысты жеңіске жетеді.
Біз әр қатысушымызды мақтан тұтамыз және заманауи білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Жарияланымдарды қадағалаңыздар — алда жүлдегерлерімізбен таныстыру күтіп тұр.
Жүлде ретінде Norwich Institute for Language Education, Англия, 3 гранттық сертификат ұсынады: олардың бірі — 21–29 наурыз аралығында Норвич қаласында өтетін офлайн (face-to-face) оқу курсына, ал қалған екеуі — CLIL бағдарламасы бойынша онлайн оқуға арналған. NILE (Norwich Institute for Language Education) ұйымы әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдерге арналған кәсіби дамыту курстарын жүзеге асырады, және сол бағдарламалардың бірі — пән мен тілді кіріктіріп оқытуға бағытталған CLIL курсы.