Ұлытау облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық
«The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ” ҚҚ директоры М.М.Хан және қордың өңірлік өкілдігінің жетекшісі Г.А. Жаппасова, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысы Г.И. Каженовамен іскерлік кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірдегі білім беру бастамаларын қолдау бағытындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ қор мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы өзара іс-әрекеттің келешегі талқыланды.
Ерекше назар мектептегі кәсіпкерлікті дамытуға, халықаралық Enactus Kazakhstan қозғалысына қатысатын топтар мен білім беру ұйымдарын қолдауға аударылды.
Сондай-ақ «USTAZ ULYTAU» ПТО жобасы аясында қамтылған мектептерде Enactus Kazakhstan бағдарламасын дамыту бойынша кәсіпкерлерге арналған презентация өткізу жоспарланды.
Білім беру мен кәсіпкерлік саласындағы күш-жігерді біріктіру жастардың дамуына, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және Ұлытау облысында бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деген сенімдеміз.