Ұстаздарды, "Ustaz Ulytau" қатысушы жүлделі орындарына ие болды
2025-12-17 14:18
ПТО «Ustaz Ulytau» жобасына қатысушы ұстаздарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар» облыстық байқауында жүлделі орындарына ие болуымен құттықтаймыз!
Байқау нәтижелері:
I орын. Аймағамбет Альмира Айдосқызы— Жезқазған қ., №13 ЖОББМ биология пәні мұғалімі
Жоба тақырыбы: «CLIL in Biology: мультфильмдер арқылы биологияны үштілді оқыту»
II орын. Качур Ольга Григорьевна— Жезқазған қ., №22 ЖОББМ биология пәні мұғалімі
Жоба: «Биология курсының экологиялық бөлімдеріне NXplorers құралдары мен жүйелік ойлауды интеграциялау»
III орын. Сәбитбекқызы Ақбота — Жезқазған қ., №9 МЛИ математика пәні мұғалімі
Жоба: «Кеңістік фигураларын жаңа форматта тану: 3D GEOMETRY CARDS»
Барлық жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды!
Айта кету керек, оқу жылы барысында мұғалімдер CLIL әдістемесі бойынша оқудан өтеді, сондай-ақ ПТО «Ustaz Ulytau» ұйымдастыратын жыл сайынғы «CLIL Methodics and Tools» байқауына қатысады.
Ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!