«Ustaz Ulytau» жобасы аясында жобаға қатысушы мектептер арасында «Жылдың үздік директоры» байқауының ІІ кезеңі өтті.
Финалдық кезеңде 8 басшы өздерінің басқарушылық жобаларын ұсынып, стратегиялық ойлауын, кәсібилігін және білім беру ұйымдарын дамытудағы заманауи тәсілдерін көрсетті. Әділ-қазылар алқасының бағалауы мен жинақталған ұпайлар нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
«Жылдың үздік мектеп директоры – 2026» атағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Капарова Динара Онгонисовнаға табысталды.
1 орын — Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі директоры Токейбекова Айгүл Төкеновна.
2 орын — Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп директоры Оспанова Ұлжан Әбиділдәевна.
3 орын — №4 жалпы білім беретін мектеп директоры Болатбекова Жанаргүл Жанабаевна.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, басқарушылық шеберліктеріңіз және білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз — сапалы әрі заманауи мектеп қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.