Canada House British Council ұйымынан Most Engaged IELTS Partner 2025 марапатына ие болды
2026-04-20 13:00
British Council-дің Астана қаласында өткен серіктестік іс-шарасының қорытындысы бойынша Canada House білім беру хабы Most Engaged IELTS Partner 2025 марапатына ие болып, халықаралық тілдік білім беру саласындағы жоғары деңгейдегі белсенділік, өзара іс-қимыл сапасы және серіктестіктің тұрақты дамуы мойындалды.
Аталған марапат Canada House орталығында IELTS үміткерлерін кешенді сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін растайды: емтиханға дайындық, mock tests өткізу, консультациялық қолдау және орталық базасында British Council ресми IELTS емтиханын тапсыру мүмкіндігі. Мұндай формат бастапқы диагностикадан бастап емтиханға дейінгі үздіксіз білім беру жолын қамтамасыз етіп, студенттерді қолдаудың экожүйелік тәсілін көрсетеді. Бұл жоба The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қоры аясында жүзеге асырылып, Посольство Канады қолдауымен құрылған.
«Бұл марапат біз үшін тек British Council-мен серіктестіктің ғана емес, студенттеріміз үшін қалыптастырып жатқан сүйемелдеу жүйесінің құндылығының да мойындалуы», — деп атап өтті Динара Утешева, The Ulytau Educational Foundation коммерциялық жобалар департаментінің жетекшісі.
Canada House British Council ұйымына жоғары бағасы үшін, сондай-ақ осы жетістікке үлес қосқан командасы мен студенттеріне алғыс білдіреді.
Айта кету маңызды, жоба қызметі мен дамуы Алматы қаласын да қамтып, білім беру бастамасының ауқымы мен ықпалын кеңейтуде.