Қор жаңалықтары

«CLIL Methodics in Practice»

2026-01-21 11:07
«CLIL Methodics in Practice»

«The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры ПТО «Ustaz Ulytau» жобасына енген мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдерін CLIL әдістемесі бойынша кәсіби конкурсқа қатысуға шақырады.

Кімдер қатыса алады?

Математика, физика, химия, биология және жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің мұғалімдері, өз пәнін ағылшын тілінде оқытуға ниеттенген педагогтер (ағылшын тілі мұғалімдерінен басқа).

Конкурстың мақсаты:
– педагогикалық инновацияларды қолдау
– үштілді білім беруді дамыту
– мұғалімнің кәсіби мәртебесін арттыру
– Қазақстан мектептерінде қолдануға болатын авторлық CLIL-сабақтар әзірлеу

Қатысу үшін не істеу керек?
Өз пәніңіз бойынша CLIL сабағын әзірлеу
10 слайдтан аспайтын презентация дайындау
3 минутқа дейінгі бейнеқорғау жазу
Жұмысты ағылшын тілінде ұсыну

Конкурс мерзімі:
Тіркелу: 2026 ж. 20–25 қаңтар
Жұмыстарды қабылдау: 20 қаңтар – 5 ақпан (18:00-ге дейін)
Бағалау кезеңі: 6–16 ақпан
Жеңімпаздарды марапаттау: 23 сәуір 2026 ж.

Марапаттау:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал барлық қатысушылар қатысу сертификаттарын алады.

Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScJQfhIYCt829WRVRs3V4-hY6PzIdAutVAi4OiPJkcKO7Ey8g/viewform?usp=sf_link

Тіркелген ұстаздар бірден Whatsapp топқа келесі сәлтеме бойынша қосылуын сұраймыз:
https://chat.whatsapp.com/H1tiM0KpS47FXLgdAKmeAV

Егер сіз халықаралық деңгейдегі оқытуға қадам жасап, оқушылардың пәндік және тілдік құзыреттілігін дамытқыңыз келсе — бұл конкурс сіз үшін

Сұрақтар бойынша: sh.kakenova@uef.kz