Қор жаңалықтары

Қонаев қаласының оқушылары мен педагогтеріне жаңа мүмкіндіктер

5 маусым күні «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдері – қор директоры Марина Марсовна Хан және «Ағылшын тілі» бағытының жетекшісі Тамара Владимировна Аренова Алматы облысының Қонаев қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Қосқұдық станциясындағы мектепте 9-сынып оқушыларымен кездесу өтіп, ағылшын тілі бойынша сынақ тестілеуі ұйымдастырылды. Бұл оқушыларға өз білім деңгейін бағалауға және жаңа білім беру мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Бағдарламаның жалғасы ретінде Қонаев қаласы мектептерінің директорларымен кездесу өткізіліп, қордың академиялық бағдарламалары таныстырылды. Әсіресе, оқушыларды шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға дайындауға бағытталған IQ Foundation бағдарламасына ерекше назар аударылды.

Қонаев қалалық білім бөлімінің басшылығына, мектеп әкімшіліктеріне және кездесуге қатысқан барлық әріптестерге білім беру сапасын дамытуға деген қызығушылықтары, ашық диалогтары және ынтымақтастыққа дайындықтары үшін алғысымызды білдіреміз.

Бірлесе отырып, болашақ ұрпақ үшін жаңа даму траекториялары мен мүмкіндіктер қалыптастырамыз!