Бүгін Алматыда ENACTUS Kazakhstan National Expo 2026 мектеп және студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогы басталды. Алда жаңа буын көшбасшылары мен кәсіпкерлерін қалыптастыратын идеяларға, энергияға және мықты жобаларға толы екі күн.
«The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры мен Canada House чемпионаттың академиялық серіктестері ретінде инновациялық жобалар көрмесіне қатысып, жартылай финалдың қазылар алқасы құрамында жұмыс атқарды.
Ерекше әсер қалдырғаны:
— даму, ашықтық және амбиция атмосферасы
— бүгіннің өзінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерге нақты шешімдер ұсынатын жас кәсіпкерлер
— дамуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыратын мықты пікірлес қауымдастық
Біз үшін мұндай іс-шараларға қатысу — тек жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар білім беру мен қоғамның болашағын өзгертетін бастамаларды қолдау мүмкіндігі.
Біз «The Ulytau Educational Foundation» қоры Enactus Kazakhstan қозғалысының академиялық серіктесі мәртебесіне ие болғанын қуанышпен хабарлаймыз. Қорымыз білім беру саласында инновациялық жобаларды жүйелі түрде дамытып келеді. Олардың қатарында қазақстандық және канадалық білім беру бағдарламалары біріктірілген Canadian International School Astana, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына арналған көшбасшылық, тұлғалық даму, мансаптық бағдар және XXI ғасыр дағдыларын қамтитын жыл сайынғы білім беру жазғы лагерін өткізетін Canada House бар.
Біз білім беру, кәсіпкерлік және жастар әлеуетін дамытуға бағытталған ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларға әрқашан ашықпыз.
Бірге өсіп, жаңа мүмкіндіктер жасайық!
Қазылар алқасының құрамында қорымыздың «Ғылыми жобалар мен конкурстар» бағытының жетекшісі Ш.К. Какенова, сондай-ақ Canadian International School Astana мансаптық қызметінің үйлестірушісі И. Цой болды.
Чемпионатқа Ұлытау облысындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының командасы қатысты. Аталған мектеп ЦПТ «Ustaz Ulytau» жобасының қатысушысы болып табылады.
Оқушылар бірнеше номинация бойынша марапатталып, Өскемен қаласындағы лагерьге үш жолдама жеңіп алды. Бұл — кәсіпкерлік ойлаудың мектеп қабырғасынан бастап жүйелі түрде қалыптасып келе жатқанын көрсететін жарқын үлгі. Мұндай нәтижелер кездейсоқ емес, ол — нақты стратегияның, мықты команданың және көшбасшылық қасиеттердің нәтижесі.
Чемпионат финалына Астана қаласының командасы шығып, Қазақстан атынан Бразилияда өтетін халықаралық кезеңде ел намысын қорғайтын болады.
«The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қайырымдылық қоры академиялық серіктес ретінде жобаларды бағалау мен марапаттау рәсіміне белсенді қатысып, жас көшбасшылардың дамуына, олардың бастамалары мен кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға өз үлесін қосты.