Қор жаңалықтары

Тараз қаласындағы өткен пленарлық отырыс конференцияның жоғары деңгейін көрсетті

2026-04-23 12:00
Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайында өткен ресми ашылу мен пленарлық отырыс конференцияның жоғары деңгейін көрсетті. Қазақстандық және халықаралық сарапшылар білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын талқылады: STEM-подход, XXI ғасыр дағдылары, цифрлық трансформация, кәсіби білім беру және халықаралық ынтымақтастық.

Конференция аясында Қазақстан мектептерінде қолданылатын заманауи білім беру технологиялары ұсынылған инновациялық көрме ұйымдастырылды.

Ақпараттық серіктес — «Білімді ел – Образованная страна» газеті.

Ұйымдастырушылар: The Ulytau Educational Foundation қоры, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Жамбыл облысының білім басқармасы.

Күннің екінші жартысында жасанды интеллект, заманауи тәрбие, STEM және мектеп менеджментіне арналған панельдік секциялар өтті.

CLIL әдістемесі, ТТМСО енгізу және ағылшын тілін оқытудың халықаралық стандарттары талқыланды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Пәнаралық оқыту (Cross-Curricular Teaching)» воркшопы тудырды, онда халықаралық сарапшылар тәжірибе мен нақты кейстермен бөлісті.

Canadian International School Astana оқытушылары пәндерді кіріктірудің практикалық тәсілін ұсынып, сыни ойлау мен білімді өмірде қолдануға назар аударды.