Балаларды қорғау күніне орай Canadian International School Astana және Canada House Grand Opera тұрғын үй кешенінің балалары мен отбасыларына арнап ерекше мереке ұйымдастырды!
Қонақтарды жылы әрі көтеріңкі көңіл-күй, қызықты байқаулар, қатысушылар мен жеңімпаздарға арналған естелік сыйлықтар, шахмат ойындары және «The Ulytau Educational Foundation» Қоғамдық Қайырымдылық Қайырымдылық қорының «Ulytau» үстел ойынымен танысу күтті. Бұл жоба балаларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін және құндылықтарын қызықты форматта танып-білуге мүмкіндік береді.
Мерекенің ерекше қонағы мектебіміздің сүйікті маскоты — Барысик Хан Тәңірі болды. Ол балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, би билеп, жарқын эмоциялар сыйлады. Әуен, көңілді ойындар мен балалардың шат күлкісі бұл күнді ерекше есте қаларлық етті.
«The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры үшін білім беру және отбасылық бастамаларды қолдау, балалардың мәдениетке, тарихқа және ойын арқылы білім алуға қызығушылығын дамыту — келешек ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру жолындағы маңызды миссияның бір бөлігі.
Іс-шараны өткізуге мүмкіндік жасап, қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға көмектескені үшін BI Service компаниясына алғысымызды білдіреміз. Ортақ күш-жігердің арқасында бұл күн балалар мен олардың отбасыларына жарқын естеліктер мен нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.