"Жылдың үздік директоры – 2026" байқауы бастау алады
2025-12-15 14:22
2025 жылғы 15 желтоқсанда «The Ulytau Educational Foundation» Қоғамдық қоры «Ustaz Ulytau» Педагогикалық трансформация орталығы жобасына кіретін мемлекеттік мектептердің директорлары арасында «2026 жылдың ең үздік директоры» конкурсын жариялайды. Конкурс өңірлердегі білім сапасын арттыруға және басқарушылық көшбасшылықты дамытуға бағытталған кәсіби платформа болып табылады.
«Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған “Ең үздік директор” конкурсы Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарының мектептерінде жоғары кәсібилік деңгейін белгілейді. Болашақта конкурс ауқымын кеңейтіп, оның білім беру саласындағы мәртебесін нығайту көзделуде, — дейді қазылар алқасының мүшесі Раиса Ешимова. – Биыл біз мектептің инновациялық жобаларын, технологиялық шешімдерін және шығармашылық әлеуетін көрсететін жұмыстарды күтеміз».
Конкурс қашықтық форматында өткізіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар соңғы үш жылдағы мектеп жұмысының нәтижелерін көрсететін портфолио және директордың басқарушылық философиясын, нақты трансформациялық кейстерді көрсететін «Лидер в кадре» видеоролигін ұсынады. Финалистер инновациялық басқарушылық жобасын Zoom-презентация форматында қорғауы қажет.
Қатысу үшін өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде мына электрондық поштаға қабылданады: bestprincipal2026@uef.kz
«2026 жылдың ең үздік директоры» конкурсы Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарының мектептерінде заманауи мектепті дамытуға бағытталған көшбасшылық қабілеттерді, басқарушылық шеберлікті және көзқарасты көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.